Жүктілік кезіндегі магнийдің рөлі

Магнийдің ағзадағы рөлі ерекше. Сүйек тінінің түзілуіне қатысады, сонымен қатар жасушадағы энергетикалық алмасуды реттеп, шамамен 300 ферменттік реакцияны белсендендіруге қатысады. Магний зат алмасу процестерінің әмбебап реттеушісі және метаболизмнің ең басты элеметтерінің бірі болып табылады. Бұл микроэлемент сабырлы қалпыңды сақтауға, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын реттеуге, қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі. Бұлшықет талшықтарын босаңсытуға қатыса отырып, магний кальцийдің табиғи қарсыласы болып табылады. Сол себепті, жүктілік кезінде ағзада магнийдің деңгейі жеткілікті болуы аса маңызды.

Тақырыпқа шолу

Бұлшықет жұмысына магнийді әсері қандай?

Магний тапшылығы жүктілікке қалай әсер етеді?

Жүктілік кезінде және емізіп жүргенде магнийді қанша уақыт қабылдау керек?

Жүктілік кезінде магнийді қанша уақыт қабылдау керек?

Қандай өнімдердің құрамында магний бар?

 

Бұлшықет жұмысына магнийдің әсері қандай?

Магний мен кальций бұлшқет жүйесінің үйлесімді жұмыс істеуіне көмектеседі. Кальций бұлшықеттің жиырылуында ерекше рөл атқарса, магний бұлшықеттің босаңсуына ықпал етеді. Егер магний тапшылығының әсерінен бұлшықетте кальцийдің салыстырмалы концентрациясы асып кетсе, бұшықет толық босаңси алмай, сол кезде тырысу болады. Магний мембрананың жоғары өткізгіштігін төмендетіп және жасуша ішіндегі, жасуша сыртындағы электролиттердің қатынасын қалпына келтіру арқылы бұлшықеттің тырысуын жоюға көмектеседі. Магний бұлшықет пен жүйке талшықтарының жасушасына кальцийдің артық баруына кедергі келтіреді, бұл қаңқа бұлшықеттері мен тегіс бұлшықеттерін босаңсытуға көмектеседі.

Магний тапшылығы жүктілікке қалай әсер етеді?

Жүктілік кезінде магний тапшылығы болған жағдайда әйелдер бұлшықеттердің тырысып, құрысуына, әсіресе, балтыр бұлшықетінің тартылуына; әлсіздік, тез шаршағыштық пен астенияның басқа да көріністеріне; мазасыздыққа, ұйқысыздыққа шағымдануы мүмкін. Бұл белгілер алаңдауға негіз бола алмайды. Дегенмен, талдама тапсырып, қан құрамындағы магнийдің мөлшерін анықтаған жөн. Жүкті әйелдің ағзасында магнийдің жетіспеушілігінің салдары ауыр болуы мүмкін: жатырдың жиі жиырылуы, түсік тастау қаупі, баланың өсіп-дамуында тежелу және преэклампсия.

Жүктілік кезінде және емізіп жүргенде магнийді қанша уақыт қабылдау керек?

Жүктілік кезінде магний тапшылығы болмас үшін, жүктілікті жоспарлау кезінен бастап магний деңгейін бақылауға кеңес береді. Дәрігерлер магний деңгейін жүктілік мерзімі аяқталғанша және баланы емшектен шығарғанға дейін ұстап тұруға кеңес береді.

Нұсқау