Магнийдің адам ағзасындағы рөлі

Магний – табиғи транквилизатор және стреске қарсы минерал. Магний тынышталдыратын әрекетке ие. Ол көптеген процестерге – энергия бөлуге, глюкозаның қорытылуына, жүйке сигналының берілуіне, ақуыздың түзілуіне, сүйек тінінің түзілуіне, қан тамырлары мен бұлшықеттердің жиырылу және босаңсуын реттеуге қатысады. Ол жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендету және мидағы тежелу процестерін үдету арқылы, аллергияға қарсы, қабынуға қарсы фактор ретінде ағзаны инфекциядан қорғайды, антидене түзілуіне қатыса отырып, қан ұю процестерінде де, ішек жұмысын, қуық пен аталық бездерін реттеуде елеулі рөл атқарады.

Магний табиғатта ең көп таралған элементтердің бірі, сүйек пен тіс эмалінің ажырамас компоненті болып табылады. Адам ағзасында 20-30 гр. (магнийдің шамамен 99% сүйекте, 59% жұмсақ тіндерде, 1% қанда). Тәуліктік қажеттілік – 400 -500 мг.

Магний ионы ауызсу құрамында бар. Біз магнийді тамақ және ауызсу арқылы аламыз. Бірақ тек ащы сумен ғана (тұщы суда магний өте аз). Бүтін дәннен пісірілген нан магнийге бай (100 г өнімде 122 мг), кебекте (350), жаңғақта (100-200), қарақұмық жармасында (150), қарақұмық балында (250), сұлы жармасында (130), сояда (370), бұршақта (230). Какаоның құрамында магний бәрінен көп – 100 г өнімде 440 мг. Сондай-ақ, магний балғын, ешқандай өңдеуден өтпеген көкөністерде (орта есеппен алғанда 100 г өнімде шамамен 30 мг). Көкөністерді пісірген кезде ол азайып кетеді, көкөністерді тазалаған кезде де біраз магний жоғалады, өйткені, көбіне ол қабық астында болады. Қыста магнийдің қосымша көзі кепкен жемістер болуы мүмкін, әсіресе, кепкен өрік, мейіз, кепкен қара өрік пен құрмада.

 

 

Кейбір ауру кезінде магний қажеттілігі арта түседі. Мысал үшін, жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын адамдарда, өтте тас болған жағдайда, тым ашушаң, мазасыз адамдарда, иммунитеті төмендеген және депрессияға жиі түсетіндер, жүктілік және емізу кезеңінде, балалардың тез өсіп-жетілу кезеңінде, рационда ақуыздың көп мөлшері болған жағдайда, зәр айдайтын дәрілерді қабылдау кезінде магнийге деген қажеттілік екі есе, тіпті үш есеге дейін артуы мүмкін.

Магний негізінен он екі бармақ ішекте және аздап тоқ ішекте сіңіріледі. Бірақ аминқышқылдарымен, органикалық қышқылдармен қосылған органикалық магний ғана жақсы сіңеді.

Ағзада магний жетіспеген кезде тәбеттің болмауы, жүрек қағысының бұзылуы (тахикардияны қоса алғанда), шектен тыс ашушаңдық, шаршағыштық, бас айналу, үрей мен жабырақау күй, бұлшық еттердің ауыруы және шаншуы белең алады.

Магний улы макроэлемент емес, адамды өлтіретін доза анықталмаған. Ұзақ уақыт көп мөлшеде қабылдау кезінде улану қаупі бар. Әсіресе, кальций мен фосформен бірге қабылдаған кезде. Магнийдің сарысуда едәуір көбеюі бүйрек жұмысының нашарлауына (фильтрация), несеп шығарудың азаюына, жедел бүйрек жетіспеушілігіне себеп болуы мүмкін.

Магнийдің мөлшерден тыс болу белгілері: әлсіздік, көп ұйықтау, енжарлық, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, диарея.

Себебі: ағзада макроэлеметтің шектен тыс болуы, магний алмасуының бұзылуы.

Нұсқау